Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі жеке өмірі жайлы айтты

Опубликовано:

Қыран Талапбек
Қыран Талапбек. Скриншот: Нартай Аралбайұлымен сұхбат

Актриса Жанар Айжанованың қызы бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шығып, кейінірек ажырасып кеткен болатын. Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі қазіргі өмірі жайлы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жеке өмірімде бәрі жақсы, шүкір. Мақтанып айтып жатқан жоқпын, бірақ біз жоқ мамандықты, жоқ нәрсені жасап шықтық. Жастарға жұмыс беріп, әлемдік компаниялармен жұмыс істедік. Шетелдік ақшасын Қазақстанға әкеп жатырмыз. Солай жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ оған емес, көпшіліктің назары жеке өміріңе ауып кеткен кезде "Біз неге ұсақталып бара жатырмыз" деген ой келеді.

Әркімнің жеке өмірі, жеке мәселесі емес пе? Бірақ жеке өмірім қызық болса, менің жеке өмірімде бәрі жақсы. Неғұрлым біреудің жеке өмірін көп айтатын болсақ, соғұрлым ол адамдардың ойлау дәрежесі төмен болып бара жатыр. Отбасылық қиыншылыққа ұшыраған жалғыз адам мен емеспін ғой. Осылай болды деп, қайғыра бермеймін ғой. Өмір жалғасу керек. Болғаны рас. Өмірлік қиындықтар болады", - деді Қыран Талапбек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбекпен заңды некеде болмағанын ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027599-aizuldyz-adaibekovanyn-buryngy-kuieui-zeke-omiri-zaily-aitty/

pixel