Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазір өкінемін": пандемияда әйелінен айырылған Исраил Сапарбай жарының қадірін кеш ұққанын айтты

Опубликовано:

Исраил Сапарбай бағдарлама эфирінде
Исраил Сапарбай. Фото: "Хабар" арнасы

Ақын әрі драматург Исраил Сапарбай "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" жобасында қонақ болып, өзінің марқұм жұбайы туралы айтты. Бұл туралы бағдарламаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жүргізушінің: "Ақынның жары болу оңай ма?" деген сұрағына еліміздегі беделді ақын жауап берді.

"Ол аман-есен болғанда, айтар еді. Енді қиындықты да көрдік. Қиындық әр жағында бұл тағдыр ғой. Ол тағдырына өкінген жоқ. Пандемия алып кетті ғой. Тұңғышымыз өзінен аумай қалған. Немере сүйіп, бәрін жеткізіп кетті.

Өзім ойлаймын, ақынның жары болу алғашқы кезде қиын болды. Ол көнді. Көнгеннен кейін барып, мойындады. Екеуіміз шын мәнінде махаббат жайлы сырласып, мұңдасу деген... Ондай нәрсе болған жоқ. Біріншіден балаларды өсірсін дедік. Балажан болды. Маған деген махаббаты балаға ауып кетті, шыны керек.

Ол ана ғой, қанша дегенмен. Оның қадір-қасиетін енді біліп жатырмын. Қазір ол кетіп қалғаннан кейін ойлаймын... Шынында осы үйленгелі бері бір рет жақсылық жасадым ба, бір жаққа қыдырттым ба деп... Қазір өкінемін. Бірақ керемет ана болды", - деді Исраил Сапарбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027637-qazir-okinemin-pandemiyada-aieli-koz-zumgan-israil-saparbai-algas-ret-zary-turaly-aitty/

pixel