Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлым нағашыларының қолында": Дидар Кәден қандай әке екенін айтты

Опубликовано:

Дидар Кәден
Дидар Кәден. Скриншот: "Өмірдің өзі" бағдарламасы

Әнші Дидар Кәден бүгінді бір ұл мен бір қыздың әкесі. Өнер иесі "Өмірдің өзі" бағдарламасында бірінші некеден туған ұлы мен отбасы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзімді керемет әкемін дей алмаймын. Себебі, үлкен ұлым анасының, нағашыларының қолында тәрбиеленіп жатыр. Апта сайын кездесіп тұрамын. Әкелік борышымды орындаймын. Материалдық жағын айтпағанда, тәрбиемді беремін, ақылымды айтамын. Түздің адамы болған соң көбіне той-томалақпен басқа қалада жүремін.

Осыдан бір апта бұрын қызым бір жасқа толып, той жасадым. Сонда жақындарыма "Маған көмектеспеңдерші. Өзім жасап көрейін" дедім. Тамағынан бастап, асабасына дейін өзім ұйымдастырдым. Еріншектігім бар, жұмыспен жүріп ұмытып кетемін. Жұмыста болсам, қажетті ақшасын жібере саламын. Негізі ақша жібере салу – әкелік борыш емес.

Баланың қасында болу,  бірге қыдыру кейде менің қолымнан келмей жатады. Бірақ мен барынша тырысамын. Сенбі, жексенбі күндері ұлым келеді. Ұлымды, анамды, қызым мен әйелімді алып сауда орталығына, мейманханаға, тауға барамын. Кешке тойым болса, жақындарыммен кешке дейін уақыт бірге өткізуге тырысамын. Ұл-қызыма ертегі оқимын, жанында жатамын деп айта алмаймын. Менің ойымша, ер азамат ең алдымен отбасын асырауы, үйін қамтамасыз етуі қажет", - деді Дидар Кәден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027652-ulym-nagasylarynyn-qolynda-didar-kaden-qandai-ake-ekenin-aitty/

pixel