Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасының мақтанышы": Алтынай Жорабаева қызының ЖОО қызыл дипломмен бітіргенін айтты (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Отандық әнші Алтынай Жорабаева төрт қыз тәрбиелеп отырған ана. Өнер иесі Instagram желісінде қызының ЖОО бітіргенін айтып, көпшілікке қуанышын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға сансыз шүкір. Аяулым мектеп бітіргенде, "Арт менеджмент" мамандығын таңдап, таңғалдырып еді. Неге таңғалдым десеңіз, мен Шымкентте ХҚТУ-де, сол мамандықты бітірген едім. Оны Аяулым білмейтін. Барып сол мамандықты таңдағанына таңғалдым.

Анасының мақтанышы. Ал екінші таң қалдырғаны -қызыл диплом. Осы дипломыңның жемісін көр, Алла қаласа. Алланың беретін ризығы мол болсын, құлыншағым", - деп жазды Жорабаева.

Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

"Құтты болсын", "Қызыл диплом қызыңызға қызмет етсін", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027825-anasynyn-maqtanysy-altynai-zorabaeva-qyzynyn-zoo-qyzyl-diplommen-bitirgenin-aitty-foto/

pixel