Танымал қазақстандық әнші Kalifarniya үйленді (видео)
Опубликовано:

Қазақстандық танымал әнші Kalifarniya үйленді. Бұл туралы өнер иесінің достары Instagram желісіндегі парақшаларында хабарлады.
Әншінің таңдауы Анеля есімді бойжеткенге түскен. Бұған дейін ол Kalifarniya-ның клиптерінде түскен болатын. Желі қолданушыларының айтуынша, әншінің жас жары — хореограф. Желі қолданушылары жас жұбайларға ізгі тілектерін білдірді.
"Керемет, бакытты болыныздар", "Екеуі бірін-бірі жақсы түсінетіні көрініп тұр. Бақытты болсын, екі жас", - деп жазды пікір білдірушілер.
Кей желі қолданушылары әнші мен қалыңдығының бір-біріне ұқсайтынын жазуда.
"Әдемі жұп. Бір-біріне өте ұқсайды екен. Қарапайымдылығы ұнамды", "Қарындасы деп жүрмін ғой бұл қызды", - деп жазды желі қолданушылары.
Kalifarniya (шын есімі Фархат Қалиев) Ақтөбеде дүниеге келген. Оның клиптері YouTube-те миллионнан астам қаралым жинайды. Бұған дейін әнші Жұлдыз радиосының Zhuldyz LIVE жобасында қонақ болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027877-tanymal-qazaqstandyq-ansi-kalifarniya-uilendi-video/