Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талай қыз жылап еді": Беспаев отау құрғанына 19 жыл толуына орай әсерлі видео жариялады

Опубликовано:

Мейрамбек пен Мархабат
Мейрамбек пен Мархабат. Фото: Instagram / @m_besbaev

Қазақстандық танымал әнші Мейрамбек Беспаев үйленгеніне 19 жыл толуына орай Instagram желісінде жазба жариялады.

Отбасын құрғанына 19 жыл толған әнші Instagram желісінде әйелімен бірге өткізген сәттерінен видеоны бөлісті.

Әншінің әйеліне арнап жасаған сыйлығы желі қолданушыларын сүйсінтті. Олар әнші мен оның отбасына бақыт тіледі.

"Бақытты болыңдар! Құтты болсын", "Келіншегіңіз қандай сұлу. Берекелі отбасы болыңыздар", "Мейрамбек үйленді деп талай қыз жылап еді", - деп жазды пікір білдірушілер.

Еске салсақ, бұған дейін Мейрамбек Беспаевтың ұстазы Алтынбек Қоразбаев әншінің сырқатына қатысты өз ойын ортаға салғаны туралы жазған болатынбыз. Қоразбаев шәкіртінің ауырып қалуына қыздардың қарғысы себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027893-uilendi-dep-talai-qyz-zylap-edi-bespaev-otau-qurganyna-19-zyl-toluyna-orai-aserli-video-zariyalady/

pixel