Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз үйінен қазанды көтеріп әкелген кезі болды": Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаеваның қолдауын ерекше атап өтті

Опубликовано:

Ақерке Бүркітбай
Ақерке Бүркітбай. Видеодан кадр: youtube.com/@momskiy_angime

Әнші, қобызшы, актриса, жақында ғана ана атанған Ақерке Бүркітбай баласын босанғаннан кейінгі 40 күнде жақын адамдарының көрсеткен қолдауы туралы әңгімелеп берді. Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай енесінің қамқорлығын "Мамский әңгіме" подкастында айтты.

Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай, "Асыл" тобынан бөлек жалғыз өзі осылай сұхбат беріп отырғаны алғаш рет екенін атап өтті.

"Зейіннің әжесі, мамамызға үлкен алғыс айтамын. Өте үлкен қолдау көрсетті. Ата-анамыз кеңес үкіметінің адамдары болғаннан кейін, "мам, сізге рахмет" деп бетіне айта бермейміз. Менің өзім іштегі сезіммен бөлісуді енді-енді үйреніп жүрмін", - деді Роза Рымбаеваның келіні.

Сұхбат барысында Ақерке Бүркітбай бес баланы дүниеге әкелген өзінің анасы Атырауда болса да, сөзімен, кеңестерімен көмектескенін айтты. Алайда баланы қырқынан шығарғанша, енесінің (Роза Рымбаева - ред) келініне жасаған күтімін көзіне жас алып әңгімелеп берді.

"Қырық күн сорпасын дайындап, тамағымды дайындады. Көрші тұрғанннан кейін, өз үйінен тамақты дайындап, қазанын көтеріп әкеліп, маған тамақ беріп жүрген кездер болды. Сол сәтті ойласам, көзіме жас келеді. Маған: "демала тұр, мен баланың қасында ұйықтай тұрамын" деп айтатын. Ананы ана ғана түсінеді", - деді жас ана Ақерке Бүркітбай.

Ақерке Бүркітбай танымал әнші Роза Рымбаева келініне сөзбен де, іспен де қолдау білдіргенін, қазіргі уақытта да Зейіннің әжесі күнде келіп көмектесетінін атап өтті.

"Қазір 4 айдай болдық қой. Ас үйде ыдыс жуып жүрсем "Баланың қасында бол. Қазір балаға сен керексің",- деп айтады... Жүрегі кең ана. Зейінді өте қатты жақсы көреді", - деді Роза Рымбаеваның келіні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027940-oz-uiinen-qazandy-koterip-akelgen-kezi-boldy-aqerke-burkitbai-enesi-roza-rymbaevanyn-qoldauyn-erekse-atap-otti/

pixel