Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Айжан Байзақова екінші сәбиіне жүкті екенін айтты

Жарияланған күні:

Байзақова
Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Қазақстандық блогер Айжан Байзақова Instagram парақшасында көпшілікке өміріндегі жақсы жаңалығын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Танымал блогер Instagram парақшасында екінші рет сәбилі болатынын айтты.

"Қазір жасыра алмайтын болдым. Қалада көргендердің бәрі мені құттықтап жатады. Сондықтан сіздер де енді отбасым ретінде білуіңіз керек. Нұрбектің тұңғышы. 18-апта. Бүгін жынысын анықтайтын күн, сторисімізді бақылап отырыңыздар", - деп жазды Айжан Instagram-дағы жазбасының сипаттамасында.

Желі қолданушылары Айжанды құттықтап, отбасына бақыт тіледі. Ал кейбір желі пайдаланушысы тіпті блогердің жүкті екенін сезіп жүргенін жеткізді.

"Құтты болсын. Соңғы уақытта көп танысымның, блогерлер мен жұлдыздардың аяғы ауыр екенін естіп жүрмін", "Сенбі күні жекеңізге тыныс алуыңыз менің жүктілік кезімдегі тыныс алуыма ұқсас екенін жазған болатынмын", "Құтты болсын. Жұғысты болсын бізге де", - деді пікір білдірушілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал блогер Айжан Байзақова өзінің Instagram парақшасында көпшілікке алғаш рет күйеуін көрсеткені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028058-bloger-aizan-baizaqova-ekinsi-sabiine-zukti-ekenin-aitty/