Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менде сабақ басталып кетті": оқуға аттанған Айгүл Иманбаева Лондоннан сәлем жолдады (видео)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Отандық әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram желісінде Лондонда түсірілген кадрларды жариялады. "Болашақ" стипендиясының иегері атанған 46 жастағы өнер иесі оқуының басталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақпан айында Айгүл Иманбаева желідегі оқырмандарына "Болашақ" бағдарламасымен тағылымдама бойынша Ұлыбританияда білім алатынын айтқан еді.

Актрисаның шетелге оқуға түскенін кейбір оқырмандары қолдаса, кейбірі сынға алған еді. Кейін өнер иесі "Болашақпен" оқуға түскенін сынағандарға жауап берген болатын.

3 күн бұрын Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде Лондонда түсірілген видеосын жариялады. Ол жазбасында оқырмандарымен амандасып, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ актриса Лондандағы оқуы басталғанын хабарлады.

"Сәлем достар! Мерекелеріңізбен! Менде сабақ басталып кетті, баршаңызға жақсылық тіледім. Кім Лондонда, direct-ке хабарласыңыздар", - деп жазба қалдырды Айгүл Иманбаева.

Актрисаның оқырмандары оған жылы лебізін жарыса жазды.

"Зейініңіз ашылсын!", "Әйгілі Темза үстінде тарихи БигБеннің қасында серуендеп жүрмін деңіз. Керемет! Тарих!", "Бір күніңізді әдемілеп парақшаңызға салсаңыз күшті болар еді", - деп пікір қалдырды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028083-mende-sabaq-bastalyp-ketti-aigul-imanbaeva-londonnan-salem-zoldady-video/

pixel