Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танысуға батылым жетпейтін": Аружан Жазылбекованың күйеуі актрисаны өзіне қалай қаратқанын айтты

Опубликовано:

Аружан Жазылбекова
Аружан Жазылбекова. Фото: Instagram/arujazz

Танымал актриса Аружан Жазылбекованың күйеуі Ержан Алдабергенов Қызық Times бағдарламасында қонақ болды. Ол сүйіктісімен қалай танысып, көңіл қосқанын кеңінен баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шынымды айтсам, екеуміздің жолымыз жиі түйісетін. Тауда, хоккейде, стадионда немесе жай ғана көшеде. Бірақ барып танысу үшін ешқашан батылым жетпейтін. Сондай күндердің бірінде ол менің барыма келді. Сол кезде оны биге шақырдым. Оны құшақтадым да, ешқашан жібермейтінімді айттым", - деді Ержан Алдабергенов.

Айта кетелік, Ержан Аружанға өткен жылы ұсыныс жасаған. Аружан Жазылбекова отандық киноның жұлдызы болса, Ержан Алдабергенов "Барыс" хоккей клубында бас менеджер қызметін атқарған.

Еске салайық, Аружан Жазылбекова 2013-2018 жылдар аралығында продюсер Ахат Ибраевпен некеде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028102-tanysuga-batylym-zetpeitin-aruzan-zazylbekovanyn-kuieui-aktrisaga-qalai-qol-zetkizgenin-aitty/

pixel