jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға көлік тарту етті

    Роза Рымбаева отбасымен бірге
    Роза Рымбаева отбасымен бірге. Фото: Instagram / @akerkeburkitbay

    "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбай Instagram желісінде енесі Роза Рымбаеваға күйеуі жасаған сыйлығын көпшілікке бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, кеше, 10 шілде күні таңертең Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға шамамен 21 млн теңге тұратын Geely Manjaro маркасының көлігін сыйлаған.

    Алайда Ақерке барлық видеоны желіге тек барлығы өткеннен кейін, яғни, келесі күні шығаратынын айтты.

    "Кеше отбасымыз үшін әдемі күн болды. Әли анамызға жаңа көліктің кілтін табыстап, сыйлық жасады. Жаңа модельді, өте әдемі түсті. Құтты, берекелі көлік болсын", - деді Ақерке Stories бөлімінде.

    Сондай-ақ Әлидің анасына жасаған сыйлығы желі қолданушыларын сүйсінтті.

    "Роза апамызға керемет сыйлық", "Әли, жарайсыз, осылай анаңызды қуантып жүріңіз", - деді желі қолданушылары.

    Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға көлік тарту етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.