Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізіп жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Демалыс аймағы
Демалыс аймағы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаз келіп, демалыстардың маусымы басталды. Отандық әншілер жазғы демалысын қайда өткізуде. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде отбасымен Вьетнамдағы демалыста түсірілген кадрларды көпшілікке көрсетті.

Әншінің айтуынша, бұл жер "жұмақтағыдай".

Сонымен қатар жұлдыз әлеуметтік желіден жоғалып кеткенінің себебін ешкіммен байланысқа шыққысы келген жоқ деп түсіндірді.

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Скриншот: Instagram / @sadvakasovamadina

"Сәлем, достар! Бізді жоғалтып алған жандарға біз байланыс түгілі, ешқайда шыққымыз келген жоқ. Осындамыз. Бәрі күшті", - деді Мадина Сәдуақасова.

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Скриншот: Instagram / @sadvakasovamadina

Қазақстандық әнші Нұрлан Еспанов та Instagram парақшасында отбасымен бірге Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімшілік орталығы Шонжыда демалып жатқанын айтты.

"Отбасылық демалыстамыз. Сіздерге де жұғысты болсын. Көңілімді өзім көтеріп кояйын дедім. Алматының төңірегінде, Шонжыдамыз", - деп жазды ол жазбасының сипаттамасында.

Ал Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісіндегі Stories-те Бурабайда екенін айтты.

Жұлдыз Әбдукәрімова
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: Instagram / @zhuldyzabdukarimovaofficial

"Бурабайда қазір ауа райы тамаша", - деді ол Instagram-дағы Stories бөлімінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028207-qazastandyq-zuldyzdar-zazgy-demalysyn-qaida-otkizip-zatyr-foto-video/

pixel