Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтысты көрермен қатарынан көрген Жүрсін Ерман көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Жүрсін Ерман айтыс төрінде
Жүрсін Ерман. Фото: kyn.kz

Науқастанып қалған Жүрсін Ерман кезекті рет айтысты төбе көрсетті. Бұл жолы ақын айтысты көрермендер арасында тамашалаған, деп хабарлайды KYN.KZ парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айтысты тамашалауға келген Жүрсін Ерманға ұйымдастырушылар төрден орын беріп, шапан жапты.

Еліміздегі айтыстың басты жанашырын халық үлкен қошеметпен қарсы алған. Кейін айтыста сөз алған Жүрсін Ерман көңілі босап, көз жасына ерік берді.

Айта кетелік, бұған дейін Жүрсін Ерман ауыр сырқатына байланысты шетелде емделген болатын.

Кейін ақын еліміздегі айтыстардың бірінде төбе көрсетіп, қазылық етті.

Ал "Алтын домбыра" иегері, танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерманның сырқаттанып қалғанын ауыр қабылдағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028256-aitysty-korermen-qatarynan-korgen-zursin-erman-kozine-zas-aldy-video/

pixel