Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ота жасаттым": Мұхамеджан Тазабеков бет әлпетіндегі өзгеріске қатысты жауап берді

Опубликовано:

Мұхамеджан Тазабек
Фото: Instagram/mukhamedzhan_tazabek

Желі қолданушылары айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабековтың келбетіндегі өзгерісті байқап, оған толассыз сұрақ жаудырған. Ақын көзіне ота жасатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхамеджан Тазабеков желідегі тікелей эфирде соңғы кезде оқырмандарын алаңдатқан басты сұраққа жауап берді. Ол көзіндегі жарыққа (грыжаға) байланысты ота жасатқанын мәлімдеді.

"Көзімнің астында грыжам болған. Сол жаныма батып ауырған соң, дәрігерлердің тағайындауымен көзімнің астына ота жасаттым. Содан көзім кішкене бадырайыңқырап қалған. Грыжа болған кезде, кірпігім көрінбей қалған. Өзімнің жас кездегі көзім. Ешқандай басқаша көз емес", - деп жауап берді ол.

Ақын ешқандай қабақ, күрделі ота жасатпағанын атап өтті.

"Грыжа алынған соң осындай айырмашылық бар. Сіздер соңғы уақытта ауырған кездігі түрімді көргенсіздер. 10 жыл бұрынғы фотоларымда да осы көз. Оған мән бере бермеңіздер", - деді ол оқырмандарына.

Мұхамеджан Тазабеков
Мұхамеджан Тазабеков. Видеодан кадр: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Желіде Мұхамеджан Тазабековтың түр әлпетіндегі өзгерісті оқырмандарының көбі қабақ жасатқан деп сынаған.

"Сізді танымай қалдым", "Мүлдем басқа кісі ғой, Мұхаммеджанның өзі емес, басқаша сөйледі", "Блефаропластика жақсы жасалған", - деп жазған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028304-ota-zasattym-muxamedzan-tazabekov-bet-alpetindegi-ozgeriske-qatystyzauap-berdi/

pixel