Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова жолдасымен бірге Түркияда қалай демалуда (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков
Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков. Фото: Instagram / @gulziraaidarbekova

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова жарымен бірге Түркияда демалуда. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Түскі асты ішіп, бөлмеге келсем, үлкен құрметпен жемістердің бәрін әкеліп қойыпты. Қандай әдемі, керемет. Бұл Нұрекең екеуімізге зор құрметпен түрік ағайындар жасаған", - деді ол Instagram-да жариялаған видеосында.

Желі қолданушылары Гүлзираға демалысы жақсы өтсін деп тіледі.

"Керемет. Менің балаларыма да жұғысты болсын", "Мен де барғым келіп кетті", "Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Үлгілі отбасы", - деді пікір білдірушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028480-gulzira-aidarbekova-zoldasymen-birge-turkiyada-qalai-demaluda-video/

pixel