Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабылдаймын деп шештім": Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықпай қалу қорқынышы туралы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде тұрмысқа шықпай қалу қорқынышынан қалай арылғаны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әсел Сәдуақасова Instagram-дағы Stories-те тұрмысқа шықпай қаламын деген қорқыныш болды ма деген сұраққа жауап берді.

“Әрине, болды. Тіпті былтыр сәуір айында “өмірлік серігімді кездестіре алмасам қайтемін?” деген ой келгені есімде. Содан құлазыған едім. Бірақ өмірде түрлі жағдай болатынын да түсініп тұрдым. Сондықтан қандай жағдай болса да қабылдаймын деп шештім. Содан кейін жеңілдеп қалдым, жай әрі қарай өмір сүре беруді шештім”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ актриса күйеуінің жақсы қасиеттерін айтып берді.

“Түсініспеушілік болған кезде Мағжан үнемі сөйлесуге дайын. Мен эмоцияға ерік берсем, ол сабырлық танытады. Ол тыңдай біледі және мені түсінуге тырысады”, – дейді Әсел Сәдуақасова.

Еске сала кетейік, бұған дейін 38 жастағы отандық актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова өзінің үйлену тойынан видео жариялағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028496-turmysqa-syqpai-qalamyn-ba-dep-qoryqtym-asel-saduaqasova-ozi-zaily-tyn-derek-aitty/

pixel