Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқтату керек": Марат Достаев бүгінгі жайдарманшылардың басты қателігін ашық айтты

Опубликовано:

Марат Достаев
Марат Достаев. Фото: Youtube / AskhatSadyrbay

Қазақстандық жайдарманшы Марат Достаев журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында қазіргі жайдарманшылар туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Командаңмен Қазақстанда болып жатқан кейбір мәселелерді әзіл түрінде жеткіз. Кейбір киноларды әзіл түрінде жеткіз. Кейбір проблемаларды әзіл түрінде жеткіз. Өткенде жайдарманға барсам, басқа бағытта әзілдейтіндер өтпейтін болған. Неге? Өйткені, олар бұл жерде жоқ қой дейді. Біреу туралы әзілдесе, олар жоқ қой бұл жерде. Бұл жерде жюриден басқа адам отыр ғой. Сол туралы әзілдесеңдерші.

Халықтың өзі соған үйреніп қалды да. Жюриде кім отырса, сол туралы әзілдеу керек. Бір кезде өзім бармаған ойынды көрдім. Бүкіл ойынның 85-90 пайыз әзілі жюриде отырған төрт адамға арналған. Жюриде бес адам отырса, бір, екі, үш, төрт Ерсін ағаға әзіл. Ерсін ағаға әзіл - бір, екі, үш, төрт сонымен бітті. Іздену жоқ", - деп түсіндірді жайдарманшы.

Достаев бұл кемшіліктерді қазіргі жайдарманшыларға айтқан кезі болды ма деген сұраққа жоқ, болған жоқ деп жауап берді.

"Енді айтып отырмын. Өйткені ол кезде мен ол ойынды көрген жоқ едім. Ол эфирге жуырда шыққан еді, көріп отырсам "не болып кетті мынау" дедім. Ол нәрседен де өту керек болған шығар енді. Қазір бірақ тоқтату керек бізге. Егер жайдарманның редакторлары осы сұхбатты көріп отырса, меніңше, жеке жюрилерге ғана арналған әзіл емес, жалпы әзілдер шығарып алып келген дұрыс деп ойлаймын. Халық жюри үшін келіп жатқан жоқ қой, команда үшін келіп отыр. Сондықтан команда халыққа не бере алатынын көрсетуі керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ Достаев жайдарманның басқа стэндап, интернет желісіндегі, газет басылымдарындағы қарапайым әзіл-оспақтардан, театрдағы қойылымдардан айырмашылығы неде екенін айтты.

"Бұл күліп, болмаса күлкі болып қалатын орта емес. Қазіргісін айта алмаймын, негізі бұрынғы құндылығы Қазақстандағы кейбір проблемаларды жанамалап болса да бүкіл халық оны түсініп отыратындай әкеліп көрсету. Оны басқа командалар да әкелді, біз де әкелдік", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028536-toqtatu-kerek-marat-dostaev-bugingi-zaidarmansylardyn-basty-qateligin-asyq-aitty/

pixel