Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жай еріккендік": өлең оқыған Жұлдыз Әбдукәрімова көптің талқысына түсті (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдукәрімова
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өлең оқыған сәтінен видео жариялады. Мұны көрген желідегілер жыр-шумақтары актрисаның жеке өмірімен байланысты деп топшылауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдукәрімова бейнежазбаны Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Өз әлемін ешкіммен бөліспеді", - деп жазды актриса видеоның жазбасында.

Өлең-шумақтарының сөзіне мән берген желідегілер түрлі пікір қалдырған.

"Бәріне осылай жауап берді", "Біреу тойып, біреу тоңып секіреді, бәрі жай еріккендік", "Қайта-қайта тыңдай бергің келеді", "Мен сені жақсы түсінемін, бақытты бол", "Әр сөздің артында шындық бар", "Жұлдыз, кеш емес әлі, жаныңды түсінетін адам жолықсын. Сен соған тілектеспін. Әр әйел бақытты болуға лайықты, соның бірі сіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028835-zai-erikkendik-olen-oqygan-zuldyz-abdukarimova-koptin-talqysyna-tusti-video/

pixel