Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек екінші рет үйленді
Жарияланған күні:
Танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек шаңырақ көтерді. Оның таңдауы Гүлзада Тұрлаш есімді аруға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қыран Талапбектің отбасылы болғаны туралы қуанышты хабарды әнші, жайдарманшы Қабдол Тілеков Instagram парақшасындағы stories-те хабарлады.
Ол "Жастар бақытты болсын" деп, Қыран мен Гүлзаданың парақшаларын белгілеген.
Дегенмен, бұл мәліметті Қыран Талапбек те, Гүлзада Тұрлаш та растаған жоқ.
Еске сала кетейік, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың ортақ ұлдары бар.
Кейін отандық бағдарламалардың біріне сұхбат берген Қыран Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң өзінің сүйіктісін тапқанын және басы бос еместігін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028839-aizuldyz-adaibekovanyn-buryngy-kuieui-qyran-talapbek-ekinsi-ret-uilendi/