Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз әке": қыздарын шомылдырып, шашын тараған Нұрболат Абдуллин көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин жарымен
Нұрболат Абдуллин жарымен. Фото: instagram.com/faridush_zh

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин қыздарына қалай көңіл бөлетінін көпшілікке көрсетті. Әйелімен бірге қос қызын шомылдырып, шашын тараған өнер иесі оқырмандарын сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жақсы әке болу - тек ақша табу емес. Жақсы әке болу - баланың жанында болу. Жақсы болайық", - деп жазды Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында.

Видеодан Нұрболат Абдуллин мен әйелінің қыздарын бірге шомылдырып, әншінің қызының шашын тарағанын көруге болады.

Ал желі қолданушыларының бірі әншінің бұл ісіне сүйсіне қараса, екіншілері қыз баласын тек анасы шомылдыру керектігін жарыса жазды.

"Қандай керемет", "Нағыз әке", "Анам перзентханаға кеткенде, бізді де әкем шомылдырып, шашымызды жинайтын", "Қыз баласын анасы ғана шомылдыру керек", "Бес жасқа дейін еркелетсе, несі айып?", "Қандай әдемі көрініс. Нағыз жүректі елжірететін әкенің қамқорлығы. Нұрболат, сені құрметтеуім бекер емес екен. Үйреншікті ісің сияқты. Нағыз ер-азамат".

"Үйінде еркелемегенде, қайда еркелейді?", "Қамқор, мейірімді әке болу үшін шомылдыру шарт емес", "Алла тіл-көзден сақтасын. Әкенің міндетін жақсы түсіндіре білді", "Менің әкем де шашымды екіге өріп, сабаққа жіберетін. Бұл күнде әкем өмірде жоқ. Өзім тұрмыстамын. Әкенің махаббатына ештеңе жетпейді", - деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028867-nagyz-ake-qyzdaryn-somyldyryp-sasyn-taragan-nurbolat-abdullin-kopsilikti-suisintti-video/

pixel