"Көз тиіп қалады": өзін-өзі мақтаған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (фото)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде өзін-өзі мақтаған отандық әнші Қайрат Нұртас көпшіліктің талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Хитмен Instagram желісіне жаңа сурет жариялаған.
"Анашым, мені дүниеге әкелгенде "көз тиіп қалады-ау" деп қорықпадыңыз ба?", - деп жазды Қайрат Нұртас.
Әншінің бұл жазбасына анасы Гүлзира Айдарбекова да пікір қалдырды.
"Сол себепті де күндіз-түні дұғадамын, құлыным", - деп жазған әншінің продюсері.
Ал желі қолданушылары да Қайрат Нұртастың бұл жазбасын қызу талқыға салды.
"Өзіне көп алатын досыңды белгіле", "Қарапайым жігіт. Көз тимесін, аман жүр", "Жерге түс. Өзің жайлы өте жоғары пікірдесің", "Отбасыңызға бақыт тілеймін", "Бөлексің", "Аман болыңыз", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028870-koz-tiip-qalady-ozin-ozi-maqtagan-qairat-nurtas-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/