jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Кемпір": Ерке Есмахан өзіне айтылған сынды қалай қабылдайтынын айтты (фото)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Ерке Есмахан биылғы жылдың қаңтарында өзінен бірнеше жас кіші әншіге тұрмысқа шықты. Өнер иесі өзінің жасына байланысты айтылатын сынды қалай қабылдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

    Әншінің тыңдармандарының бірі Еркеден "Сізді неге кемпір дейді? Тек сан болмаса, жас қыздардан жас көрінесіз", - деп сұраған.

    Ал Ерке Есмахан өзіне айтылатын бұл сынға қандай көзқараста екенін айтты.

    "Күйеуім өзімнен кіші болғасын, тиіскен түрлері ғой. Дым уайымдамаңыз, келіп-кетері жоқ сөз. Керісінше, "аумин" деймін. Алла ұзақ жас беріп, мен - кемпір, Раим - шал боп, бала-шаға, немере мен шөберенің арасында отыруды бұйырсын", - деп жауап берді Ерке Есмахан.

    Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев (Раим - ред.) биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша неке қидырды.

    Ерке Есмахан сторис
    Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

    "Кемпір": Ерке Есмахан өзіне айтылған сынды қалай қабылдайтынын айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.