Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әзімбек Байлин алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Әзімбек Байлин жұбайымен
Әзімбек Байлин жұбайымен. Скриншот: "Қызықты weekend" бағдарламасы

Отандық әнші Әзімбек Байлин алғаш рет отбасын көрсетті. Төрт балалы әке "Қызықты weekend" бағдарламасында ел білмейтін құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Негізі отбасымды осыған дейін көрсетпедім, әлеуметтік желіге де салмаймын. Үлкен қызым - Айасыл, ұлым - Әлихан, ортаншы қызым - Айтұмар, кіші қызым - Айсана.

Әйелім Шымкенттің қызы, есімі - Гүлдана. Өзім Петропавлданмын. Шымкенттің қызын аламын деген үш ұйықтасам, түсіме кірмепті. "Шымкент жаққа қатты жолама. Өзіміздің солтүстіктің қызын ал" деп шығарып салған мені. "Шымкентке жоламаймын" деп айтқанмын. Бірақ, қазір шүкір. Адамның айтқаны болмайды екен. Ата-анам да риза.

Отау құрғанымызға биыл он жыл болды.", - деді ағынан жарылған Әзімбек Байлин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028899-ansi-azimbek-bailin-kopsilikke-otbasyn-korsetti-video/

pixel