jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Көз тиді ме": актриса Дариға Бадықова сырқаттанып қалғанын айтты

    Дариға Бадықова
    Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

    Отандық актриса Дариға Бадықова сырқаттанып қалғанын айтты. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актрисаның айтуынша, оның сырқаттанып қалғанына екі күн болған.

    "Екі күннен бері ауырып қалдым. Ұнжырғам түсіп, ештеңеге зауқым жоқ. Көз тиді ме? Әлде табиғатта бір құбылыс болып жатыр ма", - деп жазды Дариға Бадықова.

    Айта кетейік, былтыр күзде актриса мен жұбайы жол апатына ұшыраған еді.

    "Аман қалдық, шүкір! Күні кеше Сарыағашқа іс-шараға бардық. 22:30-да Шымкентке жолға шықтық. Жолдасым көліктің алдында ұйықтамай-ақ отырды.

    Сарыағашқа келгенде жүргізушіміз қарсы бағытқа шығып кетті. Жан дауысым шықты, "Үлгермейсің, кір ішке кір" дедім. "Үлгерем" деген ойы болды-ау. Бірақ үлгермей, екі көлік қарама-қарсы соғысты. Көліктің дөңгелегінің ұшып жатқанын көзіммен көрдім. Әйнектер қарма-қарсы ұшып, бетіме, шашымның арасына кіріп жатты", - деп болған оқиғаны баяндаған болатын актриса.

    Дариға Бадықова сторис
    Дариға Бадықова сторис. Скриншот: instagram.com/dariga_badykova

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.