Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуінің қазіргі әйелі қалай танысқандарын айтты

Опубликовано:

Қыран Талапбек
Қыран Талапбек жұбайымен. Скриншот: instagram.com/gulzada_tl

Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек екінші рет үйленді. Блогердің қазіргі жұбайы Гүлзада Тұрлаш әлеуметтік желіде Қыран Талапбекпен қалай танысқанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз кездейсоқ танысып қалдық. Бірақ біраз уақыт бойы жақсы достар болдық.

Ал мұның бәрі қарапайым түсірілімнен басталды. Ол анаммен кешкі ас ішіп отырған сәтте мені мейрамханада көрген. Кейін нөмірімді тауып алады. Мен оның қандай мақсатта хабарласқанын сұрағанымда, менің сыртқы келбетім ұнағанын және түсірілімге шақыратынын айтты. Солай ол мені Toyota түсіріліміне шақырды. Мен қарсы болмадым. Бірақ біз көріспедік.

Кейінірек біз араласпай кеттік. Бірақ белгісіз себептермен қалада жиі көрісіп қалып жүрдік. Мен өмірімде ешкімді бұлай жиі жолықтырмағанмын. Ойлаңыздаршы, аптасына бірнеше рет әр түрлі жерде кездесіп қала бердік. Сосын бір күні ол мені тағы да бір түсірілімге шақырды. Бірақ ол менімен сөйлескісі келген екен. Мен шықпадым. Кейін ол мені Apple жобасына түсірілімге шақырды", - деп жазды Қыран Талапбектің қазіргі жұбайы Instagram желісінде.

Сонымен қатар Гүлзада Тұрлаш Қыранның өзіне тұрмысқа шығу жайлы ұсынысты үш күннен соң айтқанын баяндап берді.

"Біз осылай сағаттап әңгімелесіп, серуендейтінбіз. Бірақ ол маған тұрмысқа шығу жайлы ұсынысты үш күннен соң айтты. Мен таңғалғаннан шалқамнан түсе жаздадым", - деді Гүлзада Тұрлаш.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028945-aizuldyz-adaibekovanyn-buryngy-kuieuinin-qazirgi-aieli-qalai-tanysqandaryn-aitty/

pixel