jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұлты басқа болды": Нұрлан Еспанов жалғыз ұлының үйленуіне неге қарсы шыққанын айтты

    Нұрлан Еспанов әнші
    Нұрлан Еспанов. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас қазір жазушылыққа бет бұрып, шығармашылықпен айналысуда. Ал әкесі оның үйленуіне бір рет қарсы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Негізі, бір шетелдің қызын көрсетті маған. Шетелде тұратын қыз екен. "Сен үйдегі жалғыз тал ұлсың. Сен кетіп қалсаң, бізге кім қарайды? Үйде екі қарындасың бар. Оларды ұзату керек, үйлі-жайлы қылу керек. Сен кетіп қалсаң, біз не істейміз?", - дедім. Жалғыз ұлым ғой енді.

    Оның ұлты бөлек болды. Маған ұлты қызық емес. "Алматыда тұратын қыз болса, үйлене бер", - дегем. Бірақ ол шетел асып кеткен қыз екен. "Ұлымнан айырылып қалам ба? Сол жаққа кетіп қалмай ма?" - деген ой болды. Сөйтіп тоқтаттым. Сол кезде тоқтады да, әлі үйленбей жүр.

    Қазір кітабы шықты. Соны оқып көруім керек пе?! Сонда ғана оның ойын, көңілін түсінетін шығармын. Қандай қыз керек дегендей...

    Бір күні сұрасам: "Қыз жоқ", - дейді Instagram парақшасында 80 мың қыз бар", - деді Еспанов.

    Айта кетелік, сұхбат барысында әнші әйелінің сырқаттанып қалғанын да айтқан болатын.

    "Ұлты басқа болды": Нұрлан Еспанов жалғыз ұлының үйленуіне неге қарсы шыққанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.