Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"62 млн теңгеден басталады": жас әнші Садраддин су жаңа көлік алды (видео)

Опубликовано:

Садраддин Болат
Садраддин Болат. Скриншот: tiktok.com/@sad.raddin.01

Отандық жас әнші Садраддин Болат су жаңа көлік алды. Өнер иесі бұл жайлы TikTok парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің таңдауы Lexus LX 600 көлігіне түскен.

"Құтты болсын", - деп жазды Садраддин.

Видеодан әлі лентасы қиылмаған су жаңа көліктің жанынан әншіні және анасын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің темір тұлпарына құтты болсын айтып, жылы лебізін жаудырды.

"Құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Өз еңбегімен жетті", "Сен үшін қуаныштымын", "Еш мақтанусыз алды", - деді желідегілер.

Айта кетейік, әншінің таңдауы түскен Lexus LX 600 көлігінің нарықтағы бағасы 62 млн 740 мың теңгеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Садраддиннің анасы ұлы жайлы ел білмейтін құпиясын бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029199-62-mln-tengeden-bastalady-zas-ansi-sadraddin-su-zana-kolik-aldy-video/

pixel