Ерке Есмахан енесімен қандай қатынаста екенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Биыл тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан енесімен қандай қатынаста екенін айтты. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі әншіден енесімен қандай қарым-қатынаста екенін сұраған.
Ал әнші енесіне еркелейтінін атап өтті.
"Еркелеймін, еркелетемін. Анамнан үйренерім көп, алтын адам. Аллаға шүкір, текті жерге келін болып түстім", - деді Ерке Есмахан.
Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан өзін "кемпір" деп атайтын хейтерлеріне жауап қайтарған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев (Раим - ред.) биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша неке қидырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029227-erke-esmaxan-enesimen-qandai-qatynasta-ekenin-aitty-foto/