Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова анасы Жанар Айжанова екеуінің айырмашылығын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова мен Жанар Айжанова
Айжұлдыз Адайбекова мен Жанар Айжанова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Танымал актриса Жанар Айжанованың қызы анасы екеуінің айырмашылығын көрсетіп көпшілікті таңғалдырды. Бұл жайлы Айжұлдыз Адайбекова TikTok парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анам екеуіміздің айырмашылығымызды білесіздер ме?", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Актрисаның қызы видео арқылы анасы мен өзінің айырмашылығын көрсеткен.

Видеодан Айжұлдыздың медитация жасап, йогамен айналысып, шетелде демалып жүргенін көруге болады.

Ал Жанар Айжанова видеода біресе атқа мініп, біресе самокат айдайды. Өзге кадрден актрисаның мопед айдап, көлік рөлінде отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары Жанар Айжановаға таңғалғандарын жасырмады.

"Анаңыз керемет жан", "Қандай керемет", "Жанар ханым батыл ғой", "Жанар Айжанова - мықты, ақылды әйел", "Жанар ханымның мінезі мықты ғой", "Сөзсіз керемет әйел", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029398-aizuldyz-adaibekova-anasy-zanar-aizanova-ekeuinin-aiyrmasylygyn-korsetti-video/

pixel