"Әндерімнің музасы": жұбайын құшағына алып, ән орындаған Нұрлан Өнербаев көпшілікті сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Нұрлан Өнербаевтың "Қарағым-ай" әнін орындап жүргеніне 28 жыл болған. Өнер иесі Instagram желісінде жұбайын құшағына алып, аталмыш әнді орындаған сәтті көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұмытылмай келе жатқан халық әндерінің де бір кезде авторы болған шығар. Бүгінде олардың есімі ұмытылғанымен, мәңгі өлмес әндері, халық мұрасы болып бізге жетті. Кеңес Дүйсекеев ағам мен Шөмішбай Сариев ағамның әруағы алдында өшпес, өмірлік ән қалдырып кеткені үшін басымды ием. Концерттерімде болсын, кездесулер болсын, тіпті қонақта отырсам да ел міндетті түрде "Қарағым ай" әнін орындап беруімді сұрайды.
Мен бұл әнді орындап келе жатқаныма 28 жыл болды. Менен кейін әлі қаншама әнші орындар. Ең бастысы, караоке арқылы жастар да осы әнді орындай бастапты. Демек, ән халықтық әнге айнала бастағаны деп ойлаймын. Мен де бүгін қонақта отырып, әндерімнің музасы, жан-жарым, Жаннамды құшағыма алып, караокеге қосылып, осы әнді айттым", - деп жазды Нұрлан Өнербаев.
Ал желі қолданушылары Өнербаевтың жанды дауысына ғашық екенін айтып, жарыса пікір қалдырды.
"Сіздің жанды дауысыңызға ғашықпын", "Керемет отбасы", "Аман болыңыздар", "Жан тыныштығын сыйлайтын ән. Сіздің дауысыңызды естісем, күнделікті күйбең тіршіліктен демаламын", "Жүз жасаңыздар", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029517-anderimnin-muzasy-zubaiyn-qusagyna-alyp-an-oryndagan-nurlan-onerbaev-kopsilikti-suisintti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.