"Қолымнан қатты қысты": Тәуекел Мүсілім әкесімен соңғы рет қоштасқан кезін еске алды
Жарияланған күні:
Актер әрі әнші Тәуекел Мүсілім әкесімен соңғы рет қоштасқан кезін еске алды. Бұл туралы "Осколки" подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"2010 жылы дипломдық жұмысымды қорғауға дайындалып жатқанмын. Сол кезде оның ауырып қалғанын естідім.
Жастықтың әсері ма, оның қандай ауру екеніне аса мән бермеппін. Кейін диплом қорғайын деп жатқанымда, әкемнің кіші інісі хабарласты.
"Әкелерің қатты ауырып жатыр. Жағдайы қиын. Келіңдер", - деді. Сөйтіп, анам екеуміз Шымкентке кеттік.
Мен үйге кіргенде өз көзіме өзім сенбедім. Өйткені, алдымда мүлдем басқа адам жатты.
Ол бойы ұзын, денелі болатын. Ал мен бір қарияны көрдім. Қасына келген соң мені танып тұрғанын көзінен байқадым. Бірақ ол сөйлей алмайтын. Менің қолымды алып, қатты қысты. Оның менен көмек сұрап тұрғанын түсіндім. Мүмкін, кешірім сұрағаны шығар. Бәрі де мүмкін.
Бір аптадан соң диплом қорғадым. Таңертең диплом қорғадым, түсте әкемнің қайтыс болғаны туралы хабар келді", - деді актер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім жұбайы Махаббатпен болған түсініспеушіліктер туралы айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029805-qolymnan-qatty-qysty-tauekel-musilim-akesimen-songy-ret-qostasqan-kezin-eske-aldy/