Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші Серік Ақышев екінші рет үйленді (видео)

Опубликовано:

Гаухар және Серік Ақышевтар
Гаухар және Серік Ақышевтар. Фото: instagram/serik_akishev

Танымал теле және радиожүргізуші Серік Ақышев екінші рет үйленді. Бұл туралы шоуменнің желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Серік Ақышевтің таңдауы Гаухар Төреқұлова есімді аруға түскен. Гаухар интерьер дизайнері ретінде танылған.

Ерлі-зайыптылардың неке қию рәсімі Instagram желісінде тікелей эфирде өтті.

"Біз ерлі-зайыптылармыз. Гаухар және Серік Ақышевтар. Супер құдалық өтті, бір аптадан соң некемізді АХАЖ-да қидырдық. Иншалла, алдағы уақытта мешітте қидырамыз. Қолдау көрсеткен барша туыстарымыз бен жақындарымызға және жазылушыларымызға алғысымыз шексіз", - деп жазды тележүргізуші желідегі парақшасында.

Серік пен Гаухардың бұрынғы некелерінен төрт бала өсіп келеді. Гаухар бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырса, Серіктің алғашқы некеден екі қызы бар.

Еске сала кетейік, Серік Ақышев бұрынғы әйелі, суретші Ольга Бородавскаямен неліктен ажырасып кеткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029819-zaqynda-aielimen-azyrasqan-tanymal-telezurgizusi-serik-aqysev-ekinsi-ret-uilendi-video/

pixel