Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 жылдай бірге жүрдік": Рысбек Аташ "Арай" тобына қатысты ел көкейіндегі сауалға жауап берді

Опубликовано:

Рысбек Аташ
Рысбек Аташ. Фото: instagram/rysbek_atash

Отандық әнші Рысбек Аташ кезінде өзі мүше болған "Арай" тобы жайлы айтты. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында аталмыш топтағы әріптесі Медет Көжекбаевпен қандай қатынаста екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Екеуі неге екі жаққа кетті? деген әңгіме болады. Осыған нақыт нүкте қойсаңыз. Жаныңыздағы жігіт әріптесіңіз, досыңыз қайда?", - сұрады.

"Көрмегелі көп болды (Медет Көжекбаевты - ред.). Көрген кезде сәлеміміз түзу. 12 жылдай бірге жүрдік. Әлі күнге дейін бауырмыз, доспыз. Екеуіміздің жұмысымыз екі жаққа кеткеннен кейін хабарласатын уақыт жоқ, шынын айтқанда.

Өкінішке орай, топтың не үшін бөлінгенін айта алмаймын. Әркімнің өз шындығы бар. Мен бөлінеді деп ойламадым. Міндетті түрде "Бұл өмірде Медетпен бірге ән айтып, келесі өмірде де бірге ән айтсақ екен" деп дұға қылатынмын. "Арай" тобын қатты бағалайтынмын. Әндерін өзі жаздым, кездесулерде өзім жүрем. Былайынша айтқанда, шағын продюсер болдым ғой. Енді осындай боп қалды. Бірақ, өкінбеймін. Қазір жақсы, шүкір. Медет бауырым қазір шығармашылықта. Ол кісіде үзіліс болды. Мықты әнші ғой", - деді Рысбек Аташ.

Айта кетейік, "Арай" тобы 2008 жылдары қазақстандықтарға таныла бастады. Топтың "Өзің ғана", "Сен", "Сен ғана", "Тәттімсің" секілді әндері бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Рысбек Аташ әйелімен танысқанына 15 минут өткенде оған үйленуге ұсыныс жасағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029823-12-zyldai-birge-zurdik-rysbek-atas-arai-tobyna-qatysty-el-kokeiindegi-saualga-zauap-berdi/

pixel