jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақша стэндаперлер: Кей театр залды тіпті жалға бермейді (видео)

Жансая, Аңсаған, Талғат, Нұрмахан, Данияр, Дархан Ғалым
Жансая, Аңсаған, Талғат, Нұрмахан, Данияр, Дархан Ғалым. Скриншот: Qazaq StandUp

Отандық стэндап комиктері "Қызықтаймс" бағдарламасына келіп, жаңалығын бөлісті. Қазақстандық стэндаперлер өздеріне кей театрдың жалға берілмейтінін айтып, сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Стэндаппен айналысқан бірінші адамбыз деп айта алмаймыз. Әйтеуір, стэндаппен айналысқымыз кеп, бастап кеттік. Алайда, біздің менталитетке жақпай жатыр. Әлі қабылдай алмай жатыр. Кейбір театрлар залды тіпті жалға бермейді", - деді стэндапер Ғалымжан Жанықұлов.

Ал бағдарлама барысында Жансая Мұратбекова стэндапер арасында жалғыз қыз екенін атап өтті.

"Негізі қыздарды тартамын. "Келіңдер, көмектесейін" деймін. Бірақ қыздар орта жолдан сынып қала береді. Негізі тұрмыс құрғанмын, бала бар. Кедергі келтірмейді. Қайта күйзелісімді сол жерде шығарамын. Бар мәселемді сол жерде айтамын", - деді Жансая.

Қазақша стэндаперлер: Кей театр залды тіпті жалға бермейді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.