Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамнан адам шығу оңай емес": танымал тележүргізуші екі ұлдан соң қызды болды

Опубликовано:

Нұрбигүл Егізова жұбайымен
Нұрбигүл Егізова жұбайымен. Фото: instagram/nurbigul_y

Белгілі тележүргізуші әрі актриса Нұрбигүл Егізова үшінші сәбиін өмірге әкелді. Бұл туралы ол өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллахтың қалауымен кеше кеште қызды болдық. Адамнан адам шығу оңай емес.

Аналардың алдында басымды ием. Шүкір! Тәубе!

Бүгін үйімізге шықтық.

Қуанышымызға ортақтасып келген барша жақындарымызға алғысымыз шексіз.

Улап-шулап, ән айтып, би билеп, қызымызды шығарып алдық.

Әр қазақтың шаңырағында той болсын.

Аллахым барша әйел затына ана бақытын бұйыртсын!

Ұл сұрағанға ұл, қыз сұрағанға қыз берсін", -деп жазды тележүргізуші.

Айта кетелік, Нұрбигүл Егізова жұбайымен бірге екі ер бала тәрбиелеп отыр. Бүгінде олар қыздарына әдемі есім іздеу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029899-adamnan-adam-sygu-onai-emes-tanymal-telezurgizusi-eki-uldan-son-qyzdy-boldy/

pixel