Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің махаббатым": Әли Оқаповты жұбайы туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

Опубликовано:

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай. Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай қазақстандықтардың сүйіктісіне айналған жұлдызды жұп. Әдетте жұбайы екеуінің суретін жиі жарияламайтын Ақерке Бүркітбай желіде Әлимен сурет жариялап, оны туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Туған күніңмен, Әли. Ең мейірімді, кішіпейіл, адал, жанашыр, ақылды, сабырлы, еңбекқор және әзілқой, менің махаббатым, жаңа жасың құтты болсын. Аман бол. Бар арман-мақсаттарың орындалсын. Біз сені жақсы көреміз", - деп жазды Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Өте керемет жанұя", "Әлидің туған күні құтты болсын. Бірге бақытты болыңыздар", "Өте қарапайым, жақсы жұп", "Мен үшін ең мәдениетті, өнерлі - Әли мен Ақерке", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Зейіннің қызығын көріңіздер", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Роза Қуанышқызының үлкен ұлы Әли Оқапов пен "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат биылғы жылдың ақпанында желіге тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029925-menin-maxabbatym-ali-oqapovty-zubaiy-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-foto/

pixel