jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ләйлә Сұлтанқызы анасының базарда нан сатқан кезін еске алды (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy/

    Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ата-анасының қиын жылдарда базарда жұмыс істегенін айтты. Ол ала дорба көрсе, балалық шағын еске алатынын Instagram парақшасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "1990 жылдар әлі есімде. Әке-шешеміз бізді асырау үшін күн демей, түн демей базарда жүретін. Ала дорбаны көрсем, сол балалық шағым есіме түседі. Әжем мен анам үшін қатты ыңғайсызданатынмын. Қазір ойласам, біздің қамымыз үшін бәрін жасапты ғой. Бізді жеткізген, өсірген ата-анамыздың маңдай тері", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

    Сонымен қатар видеода тележүргізушінің анасы нан сатып ақша тапқан күндерін еске алды.

    "Базарда ешкім ешкімді танымайтын, сата береді. Азанда жұмысқа кетерде қамыр ашытып кетемін, түсте келіп нан жабамын. Бір баламды жіберемін. Қалған нанды сатуға сағат 5-6 шамасында өзім кетемін. Ләйләдан кейінгі балам қалған нанды үйде өзі жабатын. Үйде әкесі, әжесі болатын. Бүкіл ауыл болып, көршілермен базарға шықтық қой. Содан түнгі 10-11 шамасында үйге қайтатынбыз", - деді Сұлтанқызының анасы.

    Желі қолданушылары да тележүргізушінің бұл сөзін растап, сол қиын жылдарды еске алды.

    "Иә, мен де көмектесудің орнына, қатты намыстанатынмын. Қазір сол қылығыма ұяламын", "Сондай ауыр кезеңдерді көрдік қой", "Менің анам да ел асып, пісте сатып келетін. Үйде айлап болмайтын", "Сол кісілердің арқасында білім алдық, жоққа қанағат етіп үйрендік. Менің әке-шешем базарға шықпаса да, әйтеуір өлместің күнін кешіп, адам болдық. Ол кісілерге мың алғыс. Басымды иемін", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.