Сандуғаш Стамғазиева сахнаға қайта шықты
Жарияланған күні:
Кезінде Мейрамбек Бесбаевпен "Қоштасудың қиыны-ай" әнін айтып, танылған әнші Сандуғаш Стамғазиева сахнаға қайта шықты. Әнші "Шешімі бар" бағдарламасында шәкіртімен ән айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мейрамбек Бесбаев екеуіміз "Қоштасудың қиыны-ай" әнін осыдан 25 жыл бұрын алғаш рет орындадық. Ән жүрегімізді баурап алды. Бірақ басында әннің сөзін Исраил Сапарбай аға жазғанын білмедім. Кейін 2001 жылы "Сен болмасаң" әнін жазып берді", – деді Сандуғаш Стамғазиева бағдарлама барысында.
Аталмыш бағдарлама ақын, композитор Исраил Сапарбайға арналған. Бағдарламада шәкіртімен ән орындаған сәтті Сандуғаш Стамғазиева TikTok парақшасында бөлісті.
"Бақберген екеуіміздің дуэтіміз ұнады ма", - деп жазды Сандуғаш Стамғазиева.
Желі қолданушылары әншінің дауысына тәнті болғанын жасырмады.
"Қандай керемет дауыс", "Дауысын сағындық", "Сандуғашты қайта көргеніме қуаныштымын. Сахна төрінен көре берейік", "Тек алға", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Сандуғаш Стамғазиева - әнші Рамазан Стамғазиевтің туған қарындасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030017-sandugas-stamgazieva-saxnaga-qaita-syqty-video/