Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туфлиімнің табаны тесіліп қалған": Ғаділбек Жанай көшедегі отырғышқа түнеп, ақшасыз жүрген кезін еске алды

Опубликовано:

Ғаділбек Жанай сұхбат барысында
Ғаділбек Жанай. Фото: youtube/@tair_nugman

Ғаділбек Жанай әншілік жолы басталар кезде қандай қиындықтарды бастан кешкенін айтты. Бұл туралы Таир Нұғманның YouTube арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бірде Оралдағы концертті тамашалауға Лұқпан Жолдасов келді. Сол бір әңгіме арасында: "Қойтан, Алматыға келмейсің бе?", - деді. Сол сөз жүрегімде тұрып қалды. "Лұқпан Жолдасовтың өзі айтып тұр ғой", - деп ойладым. Ақтаудағы оқуымды тастап, Алматыға келіп алдым. Мен негізі инженер болуым керек еді ғой.

Алматыға келдім. Лұқпан ағаға не деп хабарласарымды білмеймін. Сосын өзім тырысайын, бұйырғанын көрермен деп шештім.

Алматыда баратын үйден бұрын, заттарымды қоятын жер де жоқ еді. Әкелген ақшам бір аптаға жетпеді. Далада қалдым ғой. Көшеде жүремін. Ақтаулық апайымның жатақханасының бір бұрышына заттарымды қойдым. Сөйтіп өмір сүрдім мен. Абай көшесімен келіп, Алтынсаринге көтерілгенде саябақ бар. Сол жердегі отырғыштар менің жатын орным болды.

Түнде келіп сол жерге жатасың. Таңертең адамдар қасыңнан өтіп жатады. Сол кезде түрып аласың. Ақтаудағы бір досымның құда баласы Алматыда болатын. Соның номерін беріп жіберген. Келгеннен хабарластым, сөніп тұр.

Бір күні қалтамда бір самсаға жететін ақшам бар, "Сарыарқа" базарына кірдім. Қалтама қолымды салып алғам, тиын түсіп қалмасын деп, қорқып келемін. Туфлиімнің табаны тесіліп қалған. Ішіндегі шұлық та тесік. Сонда әрі қарай табиғи кожа болып тұр ғой. Базар ішінде келе жатсам, досымның құда баласы көз алдыма елестейді.

Елес шығар деп, көзімді уқаладым. Жоқ, ол маған қарай жүріп келеді. Бәрі бітті деген кезде Алла миллиондаған адам ішінен Алматты кездестіреді ғой. Ол екі пакет тамақ алып, мені үйіне алып кетті. "Сенен ештеңе керек емес, жай ғана осы үйде тұра бер", - деді. Оған Алла разы болсын", - деді Ғаділбек Жанай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030027-tufliimnin-tabany-tesilip-qalgan-gadilbek-zanai-kosedegi-otyrgysqa-tunep-aqsasyz-zurgen-kezin-eske-aldy/

pixel