Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Төлендиевтің қызы күйеуімен қалай танысқанын айтып берді (фото)

Жарияланған күні:

Нұржан Төлендиев қызы мен жұбайымен
Нұржан Төлендиев қызы мен жұбайымен. Фото: instagram.com/nurjan_tolendiev_official

Биылғы жылдың ақпанында танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев қызы Қорланды ұзатқан болатын. Әзілкештің қызы күйеуімен қалай танысқанын көпшілікке айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қорлан Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

Желі қолданушысы Төлендиевтің қызынан "Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз, айтып беріңізші", - деп сұраған.

Ал Қорлан жұбайымен қалай танысқанын айтып берді.

"Негізі әдеттегідей оқиға. Ол әлеуметтік желі арқылы жекеме жазып жүретін. Мен жауап бермегеннен соң, телефон нөмірімді тауып алған. Кейін жеткізу қызметімен гүл жібере бастады. Біраз уақыт көңіл бөліп жүрді. Солай өзіне назар аудартты", - деді Қорлан.

Айта кетейік, Нұржан Төлендиев қызы Қорланды ұзататынын тойдан біраз уақыт бұрын көпшілікке мәлім етті. Жаңа құдаларымен танысқан әзілкеш ұзату тойында қызын ел алдына өзі алып шықты.

Ал ұзату тойының соңында Қорланды әнші Жазира Байырбекова ұзатып салған болатын.

Қорлан сторис
Қорлан сторис. Скриншот: instagram.com/korlawkaa

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030083-nurzan-tolendievtin-qyzy-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi-foto/