Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұм ажал өзінікін алды": Мұқасан Шахзадаев анасының туа бітті дерті барын білмегенін айтты

Жарияланған күні:

Мұқасан Шахзадаев
Мұқасан Шахзадаев. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Отандық әнші Мұқасан Шахзадаев анасының туа бітті дерті барын білмегенін айтып, жан сырын ақтарды. "Алғашқы" бағдарламасында өнер иесі ата-анасын Алматыға көшіріп алғанын және анасына ота жасаған кезді есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анашымның дертін негізі біз білмедік. Ол кісіде туғаннан жүрек ақауы болған екен. Тұрмысқа шықты, бізді өмірге әкелді. Сол кезде бізге білдіртпеген. Ол кезде ауыра қоймаған шығар. Анам үшінші қарындасымды босанғанда дәрігерлер әкеме "Әйеліңізде жүрек ақауы бар. Байқаңыздар" деп айтқан екен. Жыл сайын анамның жүрегі нашарлай бастады. Мен жыл сайын Алматыға әкеліп, емдетіп тұратынмын. Кейін тіпті нашарлады. Анамның денсаулығына байланысты әкем "Алматыңа барсақ, барайық. Анаңның денсаулығы болмай қалды" деп көнді.

Сөйтіп, Алматыдан үй салып, көшіріп әкелдім. Көп ұзамай анамның жүрегі қатты ұстады. Анамның жүрегіне ота жасатты. Таңғы 6-да анамды отаға әкетіп жатыр. Анашым қолымды қысып, "Балам, бауырларыңды, әкеңді саған тапсырамын. Осының бәріне қара" деді. "Олай айтпаңыз. Мен оларға қарай алмаймын. Сіз қарайсыз, сіз болуыңыз керек" дедім. Анам отадан шыққанша Алладан тіледік.

Анам отадан аман-есен шықты. Отадан кейін 10-15 жыл анам жақсы болды. Өмірімізді бұрынғыдай жалғастырдық. Бірақ кейін сұм ажал өзінікін алды", - Мұқасан Шахзадаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030130-sum-azal-ozinikin-aldy-muqasan-saxzadaev-anasynyn-tua-bitti-derti-baryn-bilmegenin-aitty/