Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасованың жаңа суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова көпшілікке жаңа суретін көрсетті. Фотосессия жасаған өнер иесінің образы желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сәл қалды", - деп жазды әнші Instagram парақшасында жариялған жаңа фото сипаттамасына.

Ал желі қолданушылары әншінің суретіне қатысты түрлі пікір қалдырған. Біріне Мадинаның жаңа образы ұнаса, енді бірі костюмінің кеудесі тұсы тым ашық екенін жазуда.

"Сұлусыз. Дауысыңыз да керемет", "Кеуде тұсы тым ашық", "Үлкендер "Екі бүйіріңді таянба, жаман ырым" дейтін еді", "Әлі жас шағының образымен қоштаса алмай жүр", "Макияж да, киім де өте әдемі", - деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасованың "Медеу" спорт кешініндегі баспалдақтармен көтерілген сәтіндегі видеосы желіде таралып кеткен болатын. Кейінірек әнші шулы видеосына қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030236-madina-saduaqasovanyn-zana-sureti-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel