jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Заманауи әкемін": Жан Мұқанов бала тәрбиесіндегі құпиясын бөлісті

    Жан Мұқанов
    Жан Мұқанов. Фото: "Ұрпақ" подкаст

    Продюсер Жан Мұқанов әжесінің қолында өскенін айтып, жан сырын ақтарды. Жеті балалы өнер иесі бала тәрбиесіндегі құпиясын "Ұрпақ" подкастында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ең бірінші, мен балаларыммен доспын. Заманауи әкемін деп санаймын. Қазір төртінші қызым туылды. Ұлдарға қатал емеспін. Ұлым болсын, қызым болсын күн сайын иіскеймін, сүйемін. Бізде дәстүрге айналып кеткен дүние - бәрі құшақтауы керек. Құшақтамаса үйден кетпеймін, үйге кірмеймін. Үйге келгенде бәрі күтіп алуы керек. Бәріміз солаймыз. Үлкен ұлым - ең жақын досым. Сондай салмақты, тиянақты, айтатын ойын ашық білдіреді. Нағыз ер азамат боп өсіп келе жатыр.

    Қыздарым да бәрін айтып отырады. Қыздардың тақырыбын анасымен сөйлеседі. Олар мені анасынан артық жақсы көреді. Енді анасы ұрысады ғой. Біз жұбайым екеуіміз ең басынан ұлдарға тек мен ұрысамын, қыздарға анасы ұрысады деп келісіп алғанбыз. Қыздарыма қатты сөйлеген кезім болмады. Қол көтеріп, тиісіп сөйлеуге болмайды. Біздің үйдің тәртібі бойынша, бір жас кіші болса да "сіз" деп сөйлеу керек", - деді Жан Мұқанов.

    "Заманауи әкемін": Жан Мұқанов бала тәрбиесіндегі құпиясын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.