Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Танымал актер Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының президенті лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Telegram арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Киностудия ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды.

"Отандық киноөнердің "қара шаңырағы" саналатын "Қазақфильм" ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның екінші кезеңін бастау керек", - дейді Асхат Оралов.

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын театр және кино актер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылдың маусым айында Қостанай облыстық Қазақ драма театрында әртіс болып бастаған.

2001 жылдың қарашасынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер.

2013 жылдың желтоқсаннан бастап 2018 жылдың тамызына дейін "Қазығұртфильм" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кадр және шығармашылық жұмыс жөніндегі атқарушы директоры.

2018 жылдың желтоқсаннан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болған.

Ал 2022 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030438-azamat-satybaldy-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel