Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есеп жоқ": Ғаділбек Жаңай табысы жайлы айтты

Опубликовано:

Ғаділбек Жаңай
Ғаділбек Жаңай. Фото: instagram.com/gadilbek_zhanay

Әнші Ғаділбек Жаңай ай сайынғы табысын есептемейтінін айтты. Өнер иесі Таир Нұғманның бағдарламасында пандемияға дейін қаражаты жайлы ойланбағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Пандемияға дейін менде есеп беру болмаған. Содан бір күні Нұрбол Бекбота деген жігіт "Ғаділбек, "Жылама, жаным" хит болды ғой. Содан қанша млн доллар таптыңыз?" деп сұрады. Мен жарты сағат күлдім. Қайдан білейін деймін. Сөйтсем, "Неге білмейсіз? Сіз білуіңіз керек қой. Ол ән қандай еңбекпен шықты. Қанша уақытыңызды, қаржыңызды арнадыңыз. Жүйкеңіз жұқарды. Солай шыққан әнді бағаламай тұрсыз ғой. Солай бере берем деп ойлайсыз ба? Ақшаңыз көп болған сайын, жаңа шабыт келуіне, халыққа басқа жағынан көмектесуге мүмкіндігіңіз болар еді" дейді.

Мен соны ойламағанмын ғой. Мен әннің базарда айтылғанына, біреудің көлігінде тыңдағанына мәз болғанмын ғой. Мен бір айда қанша табыс табатынымды білмеймін. Есеп жоқ қой", - деді Ғаділбек Жаңай.

Айта кетейік, осыған дейін Ғаділбек Жаңай отбасын әлеуметтік желіден жиі көрсетуінің себебін баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030468-esep-zoq-gadilbek-zanai-tabysy-zaily-aitty/

pixel