Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Азия Дауысы" фестивалінде аты аңызға айналған Black Eyed Peas тобы өнер көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Black Eyed Peas "Азия Дауысында"
"Азия Дауысында" өнер көрсетіп жатқан Black Eyed Peas тобы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

19 жылға созылған үзілістен кейін Медеу мұз айдынында көптен күткен "Азия Дауысы" халықаралық музыка фестивалі қайта өтіп жатыр. Бүгін, 29 шілдеде шараның басты хедлайнері - Black Eyed Peas тобы көрермендер алдында өнер көрсетті. Фестиваль қалай өткені туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Алматыда көптен күткен "Азия дауысы" фестивалінің қайта жаңғыруы қала тұрғындарына көптеген қуанышты эмоция сыйлады. 19 жыл өтсе де, көпшілік "Азия Дауысының" даңқы жер жарған, түрлі елдер мен ұлт өкілдерінің мәдени ортасына айналғанын фестиваль болғанын ұмытқан емес.

"Азия Дауысы" фестивалі
"Азия Дауысы" фестивалі, 29 шілде. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"1990 жылдардың соңы 2000 жылдардың басы "Азия Дауысында" іс-тәжірибеден өтуші болып, "Шахар" телерадиокорпорациясының қызметкері болып жұмыс жасағанмын. Бүгінгі күн менің балалық шағыма саяхат десем болады. Репортаждар жасайтынмын, қолымдағы радионың диктофонымен қаншама белгілі тұлғалардан сұхбат алғанмын. Сол себепті "Азия Дауысы" мен үшін бұл үлкен ностальгия. Жылдар өтсе де біз тарихи кезеңді бастан өткізіп отырмыз деп ойлаймын. Себебі "Азия Дауысы" биыл фестиваль форматында өтіп жатса, алдағы уақытта халықыралық байқау форматына өтеді деп естідім. Ол дегенің өте қуанышты жағдай", - дейді феставильге арнайы келген танымал тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы.

"Азия Дауысы" фестивалі
"Азия Дауысы" фестиваліндегі Ләйлә Сұлтанқызы, 29 шілде. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Фестивальге жиналған көрермендер арасында алматылықтар ғана емес, өзге елдің азаматтары да болды. Ресейден келген Наталья есімді бойжеткен кешке қатысты өз әсерімен бөлісті:

"Бүгін мен тек жағымды эмоцияларды сезініп отырмын. Біз Ресейден, Екатеринбургтен концертті көріп, саяхаттау үшін келдік. Алматыға Шымбұлақты үшін келдік, осында бұған дейін де болғанбыз. Топтың қонағы ретінде келіп отырмыз", - дейді Наталья.

"Азия Дауысы" фестивалі
"Азия Дауысы" фестиваліндегі Наталья, 29 шілде. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Барлығы бүгінгі күннің басты хедлайнері - Black Eyed Peas тобының өнерін асыға күтті.

"Азия Дауысы" фестивалі
"Азия Дауысы" фестивалі, 29 шілде. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Топ кешкі тоғыз жарым шамасында көпшілік алдына шықты.

Black Eyed Peas "Азия Дауысында"
"Азия Дауысында" өнер көрсетіп жатқан Black Eyed Peas тобы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Black Eyed Peas - адамзат тарихында альбомы ең көп сатылған топтардың бірі болып саналатын, аты аңызға айналған америкалық хип-хоп тобы. Топ құрамында will.i.am, apl.de.ap, Taboo рэперлері және әнші J. Rey Soul бар.

Black Eyed Peas "Азия Дауысында"
"Азия Дауысында" өнер көрсетіп жатқан Black Eyed Peas тобы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Black Eyed Peas "Азия Дауысында"
"Азия Дауысында" өнер көрсетіп жатқан Black Eyed Peas тобы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сол арада фестивальдың кешегі күнінде бой көрсеткен отандық жұлдыздар кештің видеолары мен фотоларын желіде жарыса бөлісуде.

Ал ертең фестивальдың соңғы күнінде "Азия Дауысының" аңыздары өнер көрсететін болады. Көрермендер фестиваль хедлайнерлері - Secret Service пен Ялла тобының өнерін, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жылдыз Осмоналиева, Жәмилә Серкебаева, Медеу Арынбаев және басқа да Орталық Азияға танымал жұлдыздардың шоуын, сондай-ақ салтанатты отшашуды тамашалай алады.

Black Eyed Peas "Азия Дауысында"
"Азия Дауысында" өнер көрсетіп жатқан Black Eyed Peas тобы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көпшілік алдында тек аңыздар ғана емес, маусым айында Алматыда өткен балалар мен ересектер арасындағы "Жас қанат" байқауының жеңімпаздарынан құралған өскелең ұрпақ та өнер көрсетеді.

Айта кетерлігі, фестиваль әлемдік жұлдыздарды кеште өнер көрсетуге шақыруды дәстүрге айналдырғанымен көптің есінде. Талай жылдар ішінде фестивальдің хедлайнерлері арасында Captain Jack, Modern Talking, Митхун Чакраборти, Стинг, Тото Кутуньо, Патрисия Каас, Space, Eruption, Сьюзи Кватро, "Ялла" және өзге де әлемдік деңгейдегі танымал тұлғалар болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030557-almatydagy-aziya-dauysy-festivalinde-aty-anyzga-ainalgan-black-eyed-peas-toby-oner-korsetti-foto-video/

pixel