Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Жүрсін Ерман жұбайымен
Жүрсін Ерман жұбайымен. Фото: instagram.com/olzhassydykbek_official

Танымал пародист Олжас Сыдықбек әлеуметтік желіде айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы айтты. Өнер иесі ақынның жағдайын сұрап, үйіне барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жүрсін ағаға сәлем беріп, үйіне келдім. Хәл сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның "Деген екендерін" айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды.

Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедурасын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деп жазды Олжас Сыдықбек Instagram парақшасында.

Айта кетелік, бұған дейін Жүрсін Ерман ауыр сырқатына байланысты шетелде емделген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030788-aitys-uiymdastyrusysy-zursin-ermannyn-qazirgi-zagdaiy-belgili-boldy-foto/

pixel