Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәрбиелі отбасы": Әли Оқаповтың жанұялық суреті көпшілікті сүйсінтті (фото)

Жарияланған күні:

Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев
Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев. Фото: instagram.com/aliokapov

Отандық әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаевамен және інісі Мәди Рымбаевпен бірге түсірілген суретін жариялады. Жұлдызды жанұя музыка фестивалінде өнер көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов Instagram парақшасында жариялаған сурет "Азия дауысы" фестивалінде түсірілген.

"Жанұя", - деп жазды Әли Оқапов өзі бөліскен суретке.

Ал желі қолданушылары жұлдызды отбасыға жылы лебізін жаудырды.

"Қандай үлгілі отбасы", "Әли, Мәди, сіздер Роза ханымның тірегісіздер", "Осы концертте болдым, көрдім. Роза Қуанышқызы ұлдарымен керемет шықты", "Роза ханым қазақ эстрадасының примадоннасы", "Роза ханым, ұрпағыңызбен мың жасаңыз", "Өте тәрбиелі, мәдениетті отбасы", "Сіздің жанұяңызға үлкен құрметпен қараймын", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030803-tarbieli-otbasy-ali-oqapovtyn-zanuyalyq-sureti-kopsilikti-suisintti-foto/