Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүрінуге болмай ма": Бағлан Әбдірайымов тойда соққыға жығылған Ұланғасыр Қамиев жайлы пікір білдірді

Опубликовано:

Соққыға жығылған жігіт
Соққыға жығылған жігіт. Видеодан скриншот: t.me/kriminal_kazakhstan

Кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Көпшілік видеодағы азаматтың танымал әнші Ұланғасыр Қамиев екенін және оқиғаның Үшарал қаласында болғанын айтты. Әнші Бағлан Әбдірайымов осы оқиғаға қатысты желіде пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кеше Ұланғасырдың видеосын көріп қалдым. Төбелес деп аса назар аудармадым. Жігіт қой, басы аман болсын дедім де, жылы жауып қойдым. Пікірлерді ашып оқысам... Таяқтан емес пікірден өлетін шығарсың.

Айналайындар-ай, әкеңнен алмаған сабақты кейде өмірден аласың. Басыңа келуі мүмкін. Өйткені, сен де өмір сүріп жатырсың. Ұят болады. Адам сияқты сүрінуге де болмай ма, кедергі жасамаңдар дедім ішімнен", - деп жазды "Жігіттер" тобының әншісі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды. Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтты. Ал Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады.

Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды. "Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті департаментте.

Ал кейінірек әнші Ұланғасыр Қамиевтің өзі де осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030825-surinuge-bolmai-ma-baglan-abdiraiymov-toida-soqqyga-zygylgan-ulangasyr-qamiev-zaily-pikir-bildirdi/

pixel