"Жағдайға байланысты": актер Дәурен Серғазин әлі күнге жалдамалы пәтерде тұратынын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал актер Дәурен Серғазин әлі күнге жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Театр және кино актері Асхат Садырбайдың бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жалдамалы пәтерім бар. Сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін жылжымайтын мүлік қой. Толық ақысына сатып алсаң болады. Жалдамалы пәтер, бірақ сенікі емес.
Үй сатып алғым келеді. Мүмкіндік болса, сатып алуға болады. Ең бастысы, ешкім қуып жатқан жоқ. Тұратын жерім бар. Жекешелендіруге құлшынып тұрған жоқпын. Мүмкін, жағдайға да байланысты шығар. Тұрмыстық іске келгенде жалқаулаумын. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ тұрмыстық мәселені ойлаудан кенжелеп қаламын", - деді Дәурен Серғазин.
Айта кетейік, осыған дейін Дәурен Серғазиннің той төрінде белгісіз арумен жарыса билеген сәті желіге тараған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030943-zagdaiga-bailanysty-akter-dauren-sergazin-ali-kunge-zaldamaly-paterde-turatynyn-aitty/